Лапино-3 жоспарлау және технологиялық жобалау кезінде
толыққанды "онкология - радиология" бейіні бар заманауи
көпбейінді орталықтың функционалды-интеграциялық моделінің қағидаты қолданылды.
Қолда бар сегменттерді (емхана, хирургия, химиотерапия) және инфрақұрылымды ескере отырып, медициналық
кешенді жетіспейтін сегменттермен қанықтыру
жүргізілді: қашықтықтан сәулелік терапия (IMRT), молекулалық
визуализация (БФЭКТ/КТ, ПЭТ/КТ), радионуклидтік
(радиотаргеттік) терапия, брахитерапия, интраоперациялық радионавигацияны енгізу және ісіктерді радиоэмболизациялау үшін
жағдайлар жасалды.
Онкология-радиология бейіні бойынша қолданыстағы медициналық жобалардың ешқайсысында (МИГ, Хадасса, Медицина ААҚ, Алмазов орталығы, СБМИ (Сергей Березин ат.мед.инст.), РОҒО (Ресей онкология ғылыми орталығы) функционалдық - интеграциялық модель қағидаты пайдаланылмаған.