HASCCA DESIGN
Гибридтік рецепторлық-метаболизмдік визуализация және тераностика орталығы
ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
Мәскеу, ОӘО
(Оңтүстік әкімшілік округ)
Статус
Тұжырымдама
ОБЪЕКТ АУДАНЫ
7200 м2
Гибридтік молекулалық визуализацияның заманауи технологиялары метаболизмнің (глюкоза, холин, метионин және т. б.) және рецепторлық белсенділіктің (соматостатин, эстроген, андроген және т. б. рецепторлары) ерекше бұзылыстарын анықтауға мүмкіндік береді және ауруды ерте анықтауды, даму фазасын айқындауды және болжауды, емдеуді "құлыптың кілті" ретінде таңдауды, тиімділік пен қауіпсіздік болжамын бағалау арқылы дербестендірілген емдеу және оңалту бағдарламаларын қамтамасыз етеді.
Бұл Метаболизмдік ядролық тераностика орталығы болуы керек заманауи компоненттердің әртүрлілігінің бір бөлігі ғана. Шын мәнінде, бұл университеттің жаңа үлгідегі клиникалық орталығы.

Ғимарат дұрыс пішінді емес 1700 м2 жердің ықшам теліміне бейімделді. Бір жер асты және төрт жер үсті қабатынан тұрады. Бір қабатында жеке кіреберіс пен инженерия бар және клиникаға дейінгі зерттеулер үшін жасалған.
ХАСКА командасы сарапшылар тобымен бірге 4 айда жобаны бұдан
әрі іске асыру үшін егжей-тегжейлі тапсырманы орындады. МТТ, түрлі қаржылық модельдер, негіздемелер және объектінің толық құрылымы мен логикасын, жобаалды жұмыстарын жасады.

Модернизация және өсу мүмкіндіктері ескерілді, бұл университет алаңдары үшін аса маңызды, технологиялық тораптарды енгізу және ауыстыру Орталықтың жұмысын тоқтатпай, тоқтаусыз жүргізіле береді.

2019 жылы жоба Ресей Федерациясы Үкіметінің федералды адресті бағдарламасына енді және басқа ұқсас жобалар үшін тұжырымдамалық негіз болды.
НАВИГАЦИЯ
© HASCCA 2021 Барлық құқық қорғалған

МЕКЕНЖАЙ

Ресей, Мәскеу қаласы,
Б. Саввинский орамы (тұйық көше), 9 құр. 3

Қазақстан, Нұр–Сұлтан қ., Есіл ауданы, 1
КОНТАКТІЛЕР

Healthcare and Science Consulting Communications Agency